Әдеттеріңді бақылап, өмірді саналы басқар. Қазір 0 трекерің белсенді — бүгін бір қадам жаса.
Саланы таңда — ішінен дайын әдеттерді көресің.
Трекерді ашу үшін карточкасын бас.
Жойылған трекерлер осында. Қалпына келтіруге немесе біржола жоюға болады.
Кіріс, шығын, бюджет, инвестиция, мақсат — бәрі бір жерде.
Барлық трекерлерің бойынша қорытынды.
Өзіңді өзгертуге апаратын жол — әр баспалдақ жаңа деңгей.
Пайдаланушыларға доступ беру/алу, парольді ысырып тастау.
| Аты | Статус | Жазылым | Тіркелген |
|---|
/trial сілтемесі арқылы кіргендер — аты, телефоны, қанша трекер қосқаны
| Аты | Телефон | Қай жерге дейін жетті | Жылылық | Бағыт | Арман | Трекер | Келген күні |
|---|
Жеке деректеріңді, хабарландыруларды және қауіпсіздік баптауларын осында өзің өзгертесің.
Сәлем! Егер сен осы жобаға тіркелген болсаң — бұл жай қызығушылық емес, бұл ішкі дауыстың «өзімді өзгерткім келеді» деген белгісі. Өз өмірін өзгертуді армандайтын адам өте көп, бірақ алғашқы қадамды шын мәнінде жасайтындар өте аз. Сен сол аздың бірі болдың.
Бұл күнделік саған өз өміріңді ретке келтірудің жолын көрсетеді. Ол сені шектемейді, керісінше бағыт береді. Күн сайын небәрі бірнеше минут өз ойыңмен жұмыс істеу арқылы сен өміріңнің бағытын өзгертесің, өйткені адам сыртқы жағдайды емес, ең алдымен ішкі жүйесін басқаруды үйренуі керек. Ал ішкі жүйе — ой, ниет, әдет және тұрақтылықтан тұрады.
«ÖZGERIS» басты мақсаты — саған жаңа өмір сыйлау емес, өз өміріңді саналы түрде басқаруға мүмкіндік беру. Себебі адамның тағдыры кездейсоқтықтан емес, күн сайынғы таңдау мен қайталанатын әдеттерден құралады. Көп адам тыныштық пен береке іздейді, бірақ оны сырттан табуға тырысады. Ал шын мәнінде бәрі ішкі тәртіптен басталады.
— ақшаның жетпеуінен емес, назардың бөлінуінен және энергияның шашырауынан туындайды. Сол сияқты депрессия мен күйзеліс те нақты бағыт пен мағына болмаған кезде пайда болады. Адам не үшін өмір сүріп жатқанын, қайда бара жатқанын білмесе, оның күндері сырттай толы, бірақ іштей бос болып өтеді.
ÖZGERIS — сенің жолкөрсеткішің. Ол саған мақсатыңды айқындауға, өміріңді жоспарлауға және ең бастысы — өзіңді қайта табуға көмектеседі. Мұндағы әр әдіс бір-бірімен байланысты: бір трекер ойыңды тазартады, екіншісі фокус береді, үшіншісі нақты әрекетке итермелейді. Ал олардың барлығының түпкі нәтижесі — ішкі тыныштық, жүйелілік пен береке.
ÖZGERIS сенен мінсіз болуды талап етпейді. Ол тек бір нәрсені сұрайды — тоқтама. Кейде сенің ең үлкен жетістігің бүгін тағы бір парақ ашқаныңда жатыр. Аз жазсаң да, жазғаныңның өзі — жеңіс. Себебі дамудың сыры көлемде емес, тұрақтылықта.
Соңғы жаңартылған күні: 2026 жылғы 7 қазан.
Бұл құпиялылық саясаты ÖZGERIS қосымшасы (бұдан әрі — «Қосымша») пайдаланушыларының жеке деректерін қалай жинайтынын, қалай қолданатынын және қалай қорғайтынын түсіндіреді. Қосымшаны тіркеліп пайдалана бастағаныңда, сен осы саясатпен келісесің.
Тіркелу кезінде: атың, email-ің және паролің (парольдің өзі ешқашан сақталмайды — тек оның қайтарылмайтын bcrypt хэші сақталады). Қосымшаны пайдалану барысында — сен өзің енгізген трекер деректері: әдеттер мен мақсаттар, ұйқы/көңіл-күй/мазасыздық (GAD-7) тестінің нәтижелері, қаржы (кіріс/шығын, қарыз, мақсат) жазбалары, шүкіршілік күнделігі және басқа да сен толтырған жазбалар. Сондай-ақ хабарландыру жіберу үшін браузердің push-жазылым мәліметі (техникалық идентификатор, мәтін емес) сақталуы мүмкін.
Жиналған деректер тек мына мақсаттарда қолданылады: аккаунтыңа кіру мен қорғауды қамтамасыз ету, енгізген трекер деректеріңді сақтап, құрылғылар арасында синхрондау, email арқылы тіркелуді растау коды мен маңызды хабарландыруларды жіберу, сұрасаң — еске салғыш push-хабарламаларды жіберу. Деректерің жарнама үшін сатылмайды және үшінші тарапқа таратылмайды.
Қосымша жұмыс істеу үшін мына сенімді қызметтерді қолданады: деректер базасы — Neon (Postgres), хостинг — Vercel, растау коды мен хабарландыру хаттарын жіберу — Resend. Бұл қызметтер тек техникалық инфрақұрылым ретінде қолданылады, олар деректеріңді өз мақсаттарында пайдаланбайды. «Сатып алу» батырмасы WhatsApp-ты ашады — хабарлама жіберу/жібермеу толығымен өзіңнің қолыңда.
Деректер шифрланған байланыс арқылы (HTTPS) беріледі, парольдер bcrypt алгоритмімен хэшталады, кіру үшін JWT токен қолданылады. Аккаунтыңа тек сен (және заңды түрде тағайындалған админ, техникалық қолдау мақсатында) қол жеткізе аласың. Трекер деректерің браузеріңде (localStorage) кэштеліп, серверге де сақталады — осылайша интернет уақытша үзілсе де деректерің жоғалмайды.
Деректерің аккаунтың белсенді тұрған бойы сақталады. Аккаунтыңды өшіруді сұрасаң, барлық дерегің (трекерлер, қаржы жазбалары, профиль) серверден толығымен және қайтарылмастай жойылады.
Кез келген уақытта: өз деректеріңнің көшірмесін сұрай аласың, деректеріңді түзете аласың (Профиль бетінен), аккаунтыңды толық жоюды сұрай аласың. Сұрауларыңды қосымшадағы WhatsApp байланысы арқылы жібере аласың.
Қосымша жарнамалық cookie немесе сыртқы трекер қолданбайды. Тек кіру сессиясын есте сақтау үшін браузердің localStorage-ы қолданылады — бұл деректер тек сенің құрылғыңда қалады.
Бұл саясат уақыт өте жаңартылуы мүмкін. Елеулі өзгеріс болса, қосымша ішінде хабарландырамыз.
Сұрақтарың болса — қосымшадағы «Сатып алу» батырмасы ашатын WhatsApp арқылы хабарласа аласың.